Алматы облысының басқармаларына жаңа басшылар тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен:

Темірлан Бектасов Алматы облыстық құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды;

Бағлан Тәнекенов Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалды;

Сырым Қасымов Алматы облыстық жолаушылар көлігі мен автомобильдер жолдары басқармасының бастығы болып тағайындалды;

Кеңесбек Мендебаев Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалды.