Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, тұтқындалған полиция қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 313-бабының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта екі қызметкер уақытша тергеу изоляторында, ал үшіншісі ешқайда кетпеу жайында қолхат берген", - деп хабарлайды ІІД.