Мамандардың айтуынша, шапанның екі түрі ұсынылды.
Біріншісі - өңірлерде Діни басқару және уәкілетті имамдар бөлімдерінің меңгерушілері үшін. Екіншісі - барлық имамдарға арналған. Ерекшеленіп киім кию діни қызметкерлерді бірден анықтауға, қандай лауазымда екенін ажыратуға мүмкіндік береді. Жаңа шапандар бұрынғыдан өзгеше: ашық түсті матадан тігілген. Жағасы ою-өрнекпен безендірілген.
Осыған дейін имамдар әр түрлі, түсті шапандар киіп келген еді. Енді олар кез келген уақытта ақ шапан киетін болады. Киім ыңғайлы болуы үшін арнайы жеңіл материалдан тігілген.
- Діни қызметкерлерге арналып жаңа шапан дизайны әзірленді. Ол заманауи үлгіде тігілген. Өте сапалы. Өңірдің барлық имамдары мұны бірауыздан қолдады. Осы жылдың аяғына дейін бірыңғай жаңа киім үлгісіне толықтай көшеміз деп үміттенемін, - деді Талдықорған қаласындағы ҚМДБ басқармасының өкілі Серікхан Ахмадиев.