Алматы облысының өзендерінде су тасуы мүмкін - Алматы ТЖД

Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 19 шілдедегі №63-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды!

Ертең, 20 шілде күні Алматы облысының өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін», - делінген хабарламада.