"Бұл егіс даласы ХОЗУ ЖАҚ меншігі. Тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер. Жерді пайдаланушы бұл жерлерді ешкімге берген емес және қазіргі уақытта АҚ балансында тұр", - деп хабарлады В. Красмик.
Ол сондай-ақ, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты биыл көктемде көлік жүргізушілері егіс даласының шетімен жүргендігін түсіндірді. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қалпына келтірілген. Жер телімі жан-жағынан темірмен қоршалған. Басқа да заң бұзушылықтар ол жерден анықталмаған.
Ал агенттік мәліметтеріне сүйенсек, жолдың жағдайы қазіргі уақытта сол жердің тұрғындары шағым жасаған кездегідей қалып отыр. Соңғы айларда ол жерде жол жөнделмеген.
Агенттік тілшісіне ҚР Ауыл шаруашылық министрлігімен хабарласу мүмкіндігі туған. Министрлік Алатау шаруашылығына ұзақ мерзімге жалға берілген жердің мемлекет меншігінде екендігін растады және шаралар қабылдауға уәде берді.