ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар «Сұңқар» жасағы мен полицияның арнайы операциясы кезінде қолға түскен.
«Олардан Макаров тапаншасы тәркіленді. Күзет вагонын тексеру барысында жатын бөлмеден 268 автомат оғы мен 9 мм калибрлі 19 оқ табылған. Кереуеттің жанынан қол гранатасы мен граната атқыш табылды. Екеуінің де зауытта басылған нөмірі өшірілген», - делінген хабарламада.
ПАталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.