Алматы облысының Райымбек ауданында 1400 үй электр жарығынсыз қалды

ҚР ТЖМ хабарлауынша, өткен бейсенбі күні «соңы қарға ұласқан қатты жауын мен ағаштардан бұталардың сынуы салдарынан» электр тарату желісі үзілді. 1413 абонент электр энергиясынан ажырап қалды. Сонымен бірге, Жалаңаш ауылында - 740 үй, Кіші Жалаңашта - 378, Тоғызбұлақта - 236, Жайдақбұлақта - 59 үй жарықсыз қалды.

Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына «Қазақтелеком» АҚ, РЭС, ДЭУ, сонымен бірге, Жалаңаш ауылдық округінің тұрғындары тартылыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында аудандық комиссия жұмыс істеуде.