Алматы облысының «Сарыөзек-Көктал» автожолы барлық көліктер үшін жабылды

Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-дан хабарлады.

Алматы облысында 2012 жылдың 21 желтоқсаны күні ауа райының бұзылуына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектеулігі) көліктің барлық түрлері үшін «Үшарал-Достық» күре жолында енгізілген шектеулер әлі де сақтаулы.

Онымен бірге, 31 желтоқсан күні сағат 18.00-де «Сарыөзек-Көктал» тас жолының 46-180 шақырымы аралығында барлық көліктер үшін қозғалысқа тыйым салынды.