Алматы облысының Сасықкөл көлінде бес балықшы суға батып кетті

Оқыс оқиға 13-ақпанда кешке болған. "Уаз" автокөлігі мен оған сүйретілген шанамен 15 балықшы қатқан көл арқылы өтпек болған кезде автокөлік суға батып кеткен. Соның салдарынан 5 адам суға кетті.

Төрт адамның мәйітін балықшылар судан шығарып алды. Ал бесінші адамның денесін ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің судан құтқару қызметі бүгін іздестіреді.