Алматы облысының тауларында сел қаупі сақталып отыр - ҚР ІІМ ТЖК

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында хабарланып отыр.

«Ауа температурасының жоғары болуы мен болжанып отырған жауын-шашынға байланысты 4-7 тамыз аралығында Алматы облысының тауларында сел қаупі сақталып отыр», - делінген хабарламада.