"Қазгидромет" РМК мәліметінше, температураның аса жоғары болуына байланысты Алматы облысының тауларында 31 шілде мен 4 тамыз аралығында сел жүру қаупі бар.
Сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай және Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді. Қызылорда, Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерде шаңды боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді.
Қазақстанның оңтүстік батысы мен оңтүстік шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде оңтүстіктегі, оңтүстік шығыс пен шығыста таулы өзендерде су деңгейі өзгермелі болады.