Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін

Жауын-шашынның толассыз түсуіне байланысты алдағы тәулікте, яғни 15-16 қаңтарда Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты қала тұрғындарына тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынды.

«Көшкіннің жүру ықтималдылығына байланысты қар басқан биік тауларға шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар», - делінген ескерту жасалған хабарламада.