Алматы облысының топалаң тараған аймағында егу жұмыстары қайта жүргізілмек

Бұған дейін Жаңалық ауылының 3 тұрғынында топалаң деген диагноз  расталған еді. Ауруға шалдыққандардың барлығы аудандық ауруханаға жеткізіліп, елді-мекенде дерттің алдын алу шаралары қолға алынған. Ауылға кірер жолдарға бөгеттер қойылып, 14 күндік карантин жарияланды. Ал науқастармен байланыста болған жүзден астам адам дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың сөзіне қарағанда ауру ауылдағы жеке меншік шаруашылықтардың бірінде мал сою кезінде жұққан көрінеді. 18 адамға таратылған еттің барлығы тәркіленіп, өртеліпті.


Гүлжан Нұртазина, Ветеринарлық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Сойылған малдың идентификациялық таңбасы жоқ. Сондықтан да ол мал осы жылы егу жұмыстары кезінде егілді ма, егілмеді ма әлі анықталған жоқ. Егілмей қалған деген күмән бар.