Алматы облысының төрт ауданының әкімдері тағайындалды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, халық қалаулыларының бірауыздан қолдауынан кейін облыс басшысы өзінің өкімімен Қарасай ауданының әкімі қызметіне - бұған дейін Жамбыл ауданы әкімінің қызметін атқарған Анзар Мұсахановты; Жамбыл ауданының әкімі қызметіне - бұған дейін Қарасай ауданы әкімінің орынбасары болып істеген Ләззат Тұрлашевті; Талғар ауданының әкімі қызметіне - Сарқан ауданын басқарған Талғат Өмірәлиевті; Сарқан ауданының әкімі қызметіне - осы аудан әкімінің орынбасары болып істеген Сексембай Бекішевті тағайындады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті