Алматы облысының тұрғындары 500-ден астам атыс қаруын тапсырды

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті мәлімдеді.

2014 жылы 21 сәуірде басталған шара барысында облыстық әкімшілік полицияға азаматтардан 356 өтініш келіп түскен.

Облыс тұрғындары өз еркімен 535 қару, 8 кг жарылғыш зат және 3659 оқ-дәрі тапсырған.

Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру үшін өтемақы мөлшері 22 млн теңгеге жуық.