«Сонымен қатар келесі жылдан облыс тұрғындары жаңа медициналық мекемелерде сапалы медициналық қызмет ала алады. Осылайша, Талдықорғанда 300 орындық қалалық көп салалы емхана, Көксу ауданы Балпық би ауылында бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын емхана ашылады», - деп атап өтті А.Баталов.
Еске сала кетейік, бүгінде облыста 935 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді.