Алматы облысының тұрғыны ауылдасын өлтіріп, көмген жерді бетондап тастаған


Марқұм қазан айының басында іс-түссіз жоғалған екен. Кейін анықталғандай өзара сөзге келіспей қалған ауылдастар арасындағы кикілжің бірінің өлімімен аяқталыпты. Травматикалық қару қолданған күдікті көршісін өлтіріп, жасаған қылмысын жасыру үшін осындай әрекетке барған. Сөйтіп сыбайласы екеуі Текелі қаласының маңында жер қазып, мәйітті тауып алмас үшін цементтеп тастапты.