Алматы облысының тұрғыны дауыл кезінде шатырдан құлап кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір науқас медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Зардап шеккендер түрлі жарақат алған.

"Талдықорған облысының ауруханасына 1991 және 1968 жылғы екі зардап шеккен адам жүгінді. Олар түрлі жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін зардап шеккен екі адам амбулаториялық ем алуға жіберілді. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны шатырдан құлап жарақат алды. Қазір ол Есік қаласы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Науқас есін біледі, жағдайы тұрақты ауыр", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.


Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде 60-тан астам үйдің шатыры ұшып кеткен. 10 көпқабатты үй, 20 білім беру нысаны, 2 сауды орталығы, 5 өндірістік ғимарат, 11 жеке тұрғын үй, 1 діни ғимарат, 2 техникалық қызме көрсету орталығы зардап шекті.

Сонымен қатар 27 ағаш пен 7 жарнама баннері құлап, бірнеше көлікті зақымдады.