Алматы облысының тұрғыны өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шықты

Алматы облысының тұрғыны өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шықты. Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны 16 шілде күні өзін екі жігіттің зорлағанын айтып, сотқа арыз жазған. Оқиға шілде айының 15-інен 16-сына қараған түні болыпты. Тергеу барысында жігіттердің Ұзынағаш ауылында тұратындығы анықталған.

Әйел келесі күні соттан арызын қайтарып алған. Бұған өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шығуы себеп болса керек. Тамыз айында екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.


Екінші күдікті 18 шілде күні өзінің үйінің ауласында асылып қайтыс болған. Экспертизалық тексеріс кезінде мәйіттің денесінен зорлық-зомбылық іздері табылмаған. Қазіргі уақытта жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Аталған іс Алматы облысының ІІД-не жолданған. Мұнымен қатар, қайтыс болған жігіттің ата-анасы полицияның үстінен “Өзінің беделі мен билігін асыра пайдалану” бабы бойынша шағым түсірген.