«Алматы - өнер ордасы» көрмесі ашылды

2002 жылы қыркүйек айында ашылған бұл мұражайда бүгінгі таңда 32 мыңнан астам жәдігерлер жиналған. Олар шаһардың қалыптасу кезеңінің барлық кезеңін, атап айтқанда, қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде 1979 жылы ҚР ҰҚК инстиутының аумағынан табылған күміс теңгелер мен За­хи­рид­дин Мұхаммед Бабырдың «Ба­быр-нама» және Рашид-ад Дин­нің «Жами ат-тауарих» ең­бек­тері мұ­ражай қорындағы ең бағалы жә­дігерлердің қатарына жа­та­ды. Бұдан бөлек суретшілердің Алматыға арналған 300-ге жуық туындылары мен археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар мен әйгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты түрлі жәдігерлер бар.