Алматы өңірлік қаржы орталығы 2015 жылы Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының біріне айналады - Арыстанов

"Алматы өңірлік қаржы орталығы 2015 жылы Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының біріне айналады", -деп мәлімдеді А. Арыстанов.

Оның айтуынша, қазір Алматы өңірлік қаржы орталығын дамыту жөніндегі тиісті жоспар жасалды. "Бірінші кезең - қор нарығының жалпы құрылымын жасақтауға саяды, өйткені, бүгінгі таңда, өкінішке орай, біздің инфрақұрылым халықаралық нарықтан гөрі, ішкі нарыққа бағытталған", - деді А. Арыстанов.

"Сол себепті біз 2008 жылды дәл осы инфрақұрылымды жетілдіру мәселесіне арнаймыз", - деді ол.

Агенттік басшысының айтуынша, белгілі бір оңды өзгерістер қазір де жасалып жатыр. Мәселен, "егер 2006 жылы сауда-саттықтардың 90% жабық болса, 2007 жылы 90% жуығы ашық нарықта өткізілді".

"Эмитенттер құрылымы да өзгерді. Егер бұрын 44% банк саласына, 40% -ға жуығы шикізат саласына тиесілі болса, қазір құрылыс, сауда, фармацевтикалық компаниялар секілді басқа да эмитенттер пайда болды", - деді ол.

"Инвесторлар сан адуан болмай, нарық қалыптаспайды", -деп атап өтті А. Арыстанов.