"Біз мемлекеттің қатысуы үшін Қазақстан қор биржасының қазір Ұлттық банкке тиесілі акциялар қоржынын сатып алуға уағдаластық", - деді А. Арыстанов.
"Біз директорлар кеңесінің жаңа құрамын жасақтап, менеджментті күшейтіп, белсенді маркетингтік саясат жүргізу үшін қор биржасы өкілдіктерінің өңірлік желісін құрмақшымыз", - деді ол.
Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы еске салып өткеніндей, "былтыр заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы биржаға коммерциялық ұйым болуға рұқсат берілген". "Өкінішке орай, содан бері бір жыл өтсе де, биржа бүгінгі күнге дейін акцияларды жариялы орналастыру процедураларын толық аяқтай алған жоқ", - деді ол.
"Әйтсе де біз алғаш рет даму стратегиясының жобасын жасап, алғаш рет корпоративтік басқару кодексін дүниеге әкелдік", - деді А. Арыстанов.