Алматы орталығында белгісіз бойжеткен аяусыз соққыға жығылған

Оқиға Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, Алматы технологиялық университетіне қарама-қарсы жерде болған. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Inalmaty.kz жариялаған видеода қансыраған қызды тағы бір жас қыз жерден көтеріп, көлікке отырғызып жатқаны көрінеді.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствода аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.


Күдікті жәбірленушінің танысы екені анықталды, қазіргі уақытта ол ұсталған. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.