Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматының спорттық нысандары дирекциясы жанкүйерлерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
"Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі", - делінген хабарламада.