Алматы Пауэр Консолидэйтед жылу мен электр қуатының бағасын көтеруге ниет білдіруде



ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төраға орынбасары Нұрлан Алдабергеновтың айтуынша, "кәсіпорын электр қуатын тасымалдау және тарату бағасын, сондай-ақ, жылу өндіру, тарату және онымен қамтамасыз ету құнын көтеруді талап етуде".

"Алматы Пауэр консолидэйтед" жылу энергиясының Гегакалориясын шамамен 3560 теңгеге, яғни, 3-есеге, ал электр энергиясының КилоВатын сағатына 5 теңге 57 тиынға яғни, екі есеге көтеруді ұсынып отыр. Қазір электр қуатының құны Қосалқы құн салығын есептемегенде бір КилоВатт / сағаты 3,79 теңге, ал жылу құнының бір Гегакалориясы 1687,1 теңге. Елімізде жылу энергиясының бағасы соңғы рет 2000-жылы, ал электр электрэнергиясының бағасы осыдан төрт жыл бұрын көтерілгенін алға тарқан АПК-лықтар, тарифтерді өзгертетін уақыт жетті дейді.

АПК ақпаратына сәйкес, 2005-жылы компания 3,7 млрд. теңге көлемінде шығынға ұшыраған. Ал баға осы деңгейде сақталып қалған жағдайда 2006-жылы шығын көлемі 7,1 млрд. теңгеге жетеді деген уәж айтылуда.