Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 2-қыркүйекте 01 сағат 30 минутта шұғыл-іздестіру шараларының барысында Абай және Сайын көшелерінің қиылысында қарақшылық шабуыл жасауға байланысты 6 адам ұсталды. Қылмыстық топтың серкесі - Алматы облысының 21 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазіргі жағдаймен топ мүшелері Алматы аумағында жасалған 10 тонаушылық қылмыстары мен 1 зорлық оқиғасына қатысы бар деп танылуда.
Қазір топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті