Атап айтқанда, Бостандық ауданында марихуананы сатқаны үшін 25 жастағы ер азамат ұсталды, одан 7 киллограмнан астам марихуана табылды. Марихуананың дәл сондай партиясы өткен сенбіде тәркіленді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бірнеше мәрте героин өткізбек болған жағдайды тоқтатты. Жетісу ауданында 26 қазанда 33,24 грамм героинді сату барысында 32 жастағы алматылық азамат ұсталды.
Жалпы бір апта ішінде есірткі өткізумен айналысқан 14 адам қолға түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті