Қарашаның 17 мен 19 үш тәулік аралығында алматылық полицейлер жол ережесін өрескел бұзушыларды анықтау, автокөліктік қылмыс пен мас күйінде көлік жүргізгендерді анықтауға ірі көлемді шара жүргізуде,-дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция мәліметтерінше, өткен тәуліктің өзінде қалада мас күйінде көлік жүргізген 112 адам анықталған. 1967 көлік тексеріліп, 162 жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. Олардың 24-і жылдамдықты көтеруге қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті