Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның хабарлауынша, анықталған 280-нен астам дерек тікелей есірткі сату фактілеріне қатысты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Тәркіленген заттардың басым бөлігін каннабиоидты топтағы есірткілер, сондай-ақ жастар үшін ерекше қауіпті синтетикалық заттар болып шықты.
Сонымен қатар полиция фитозертханаларды анықтауға ерекше назар аударылғанын мәлімдеді. 2025 жылы қала аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 17 фактісінің жолы кесілді.
– Бұл заңсыз бизнес өкілдерінің қызметін жасырын әрі жақсы бүркемеленген нысандарға көшіруге тырысатынын аңғартады, - делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, қазір есірткі қылмысы цифрлық технологияларды – мессенджерлерді, онлайн-платформаларды және байланыссыз сату тәсілдерін кеңінен қолданып жатыр. Осыған байланысты есірткіге қарсы күрес киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерімен бірлесіп жүргізіледі.