Алматы полиция қызметкерлері екі күннің ішінде жол жүру ережесін бұзған екі мыңнан аса оқиғаны анықтады

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 25 жүргізушіні құрықтаған. Сондай-ақ, екі көшпелі сот отырысы өткізіліп, онда 11 жүргізуші белгілі бір уақытқа жүргізушілік құқығынан айрылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, автокөлікті мас күйінде айдағандары үшін олардың басым бөлігі жүргізу құқығынан айрылды.