Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Абай даңғылы бойын патрульдеп жүрген полицейлер мен жол-патруль полициясы экипаждары кешкі сағат бес шамасында футбол клубтары жанкүйерлерінің арасындағы жанжалға кедергі жасады».
«Оқиғаға қатысқандардың бәрі Алмалы ауданының ІІБ-на жеткізілді. Ерекше көзге түскендері әкімшілік жауапқа тартылды. Қалған азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.
Барлығы 40-тан атам фанат құрықталған.