Алматы полициясы инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер туралы ақпарат үшін 10 мың доллар тағайындады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-наурызда "Шыңғыс" ақша айырбастау бөлімшесінің жанында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Екі инкассатор оқиға орнында мерт болып, тағы біреуі оқ тию салдарынан ауруханада көз жұмған. Қарақшылар 150 мың евроны қолды болдырып, қылмыс орнынан "ВАЗ-2106" автокөлігімен із жасырған. Соңынан полиция автокөлік пен шабуылшылардың Калашников атоматын, сондай-ақ, қаза тапқан бір инкассатордың "Сайга" атты карабинін тауып алды.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, үш күдікті де Еуропалық нәсілді адамдар. Екеуі 35-40, ал үшіншісі 40-45 жас шамасында. Күдіктілердің фотороботы полицияның ресми сайтында орналастырылған.