Алматы полициясы неліктен 500 қорғаныш костюмін 125 миллион теңгеге сатып алғанын түсіндірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.k-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде Алматы қаласы полиция департаментінің карантин кезінде жұмылған қызметкерлерге 500 Л-1 қорғаныш костюмдерін сатып алғаны хабарланды. Бір костюмнің бағасы - 250 мың теңге.

"Осы күнге дейін сатып алуларға қатыспаған компаниямен 125 миллион теңгеге келісімшарт жасалған. Ал satu.kz сайтында бұл костюмдердің бағасы 12-60 мың теңге аралығында", - делінген Instagram желісінде жарияланған жазбада.

 

Полиция департаментіндегілердің айтуынша, наурызда төтенше жағдай режимі жарияланған соң полицейлерге қорғаныш заттарын алу керек болды. Бірнеше компанияның ұсыныстары мен бағасы зерттелген.