Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс шілде айының ортасында жасалған. Таңертең ерте жұмыс орындарына келген компания қызметкерлері 56 жастағы күзетшіні өліп жатқан жерінен күзетшінің бөлмесінен тапқан.
Фирма басшылығы 150 млн теңгенің өнімі қолды болғанын анықтаған.
Сөйтіп мұқият іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мыс және түсті металл қалдықтарын тапсыру орнына тоналған өнімді өткізгелі келген жерінен әлгі қаза тапқан күзетшінің екі танысы ұсталып, олардан ұрланған өнімдер тәркіленді.Олар өздерімен сыбайлас болуға келіспеген күзетшіні буындырып өлтіргенін айтқан.
Қазір қолды болған металл иесіне қайтарылып, бұрын істі болған екі күдікті тергеу абақтысында отыр.