Алматы полициясы қалалық автобустар мен таксилерді тексереді

Бұл шара жолаушылар көлігінде апат жағдайларының алдын-алу және автобус, таксимен жолаушыларды тасымалдағанда талаптардың сақталуына бақылауды күшейту мақсатында жүргізілуде, делінген жексенбіде Алматы ІІД таралған ақпаратта.

"Басты назар қаладағы автобустардың техникалық жағдайы мен әсіресе бала тасымалдайтын жүргізушілердің жолаушылардың жол жүру ережелерін сақтауына бөлінбек", деді Алматы ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Махмұд Жағабаев, оның сөздері хабарламада келтірілген.

Құқық бұзушылықты қайталаған автобустың жүргізушілері жол жүру ережелерін білетіндіктерін тексертеді, сәйкесті қаулы алған күннен бастап екі ай ішінде емтихан тапсыра алмайтын болса, істің материалдары сотқа жөнелтіледі, онда көлік айдауға құқы тоқтатылатындығы туралы шешім қабылданады, делінген онда.