Алматы полициясы қаланың әртүрлі мекемелерінен тәркілеген 700 ойын автоматтарын жойды

«Бүгін қаладағы қоқыс тастайтын жерде екі трактормен қаладағы жасырын мекемелерде заңсыз жұмыс істеп тұрған 700 ойын автоматы жойылды», - деп Алматының ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастық орынбасары Бақыт Балғымбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, жойылған аппараттардың әр қайсысының құны шамамен $5-10 мың екен.

«Ойынханаларды анықтау бойынша арнайы топтар құрылуы арқасында қалада 413 заңсыз ойынханалардың жасырын жұмысы әшкереленіп, 3 мыңнан астам ойын автоматы тәркіленді», - деді полиция өкілі.

Ол заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғаса береді деді. «Рейд кезінде алынған ойын автоматтары қайта айналымға түспеуі үшін міндетті түрде жойылады. Ал заңды бұзуға тырысқандар жауапкершілікке тартылады», - деп ескертті ол.