Алматы полициясы той кортежінде оқ атқанды ұстады


«Ол Алматы қаласы Әуезов ауданында тұратын, «БМВ Х-6» маркалы автокөлігінің иесі, 1995 жылы туған Абдуллаев Махмад болып шықты. Ұстау барысында оның әкесі - 1969 жылы туған Абдуллаев Илхамның атына тіркелген «ИЖ-79» газды тапаншасы тәркіленді. Тергеуде ол досының үйлену тойында болғанын, жолда жүру кезінде аспанға бірнеше оқ атқанын мойындады. Елді мекенде оқ атқаны үшін ҚР ӘҚБК 436-бабына сәйкес, Абдуллаев жауапқа тартылды. Одан бөлек, М.Абдуллаев жолда жүру ережелерін өрескел бұзғаны үшін: ҚР ӘҚБК 606 бабы, 1 бөлімі - апатты жағдай туғызу; ҚР ӘҚБК 595 бабы, 4 бөлімі - ЖЖЕ сигнал беру талабын дұрыс орындамау; ҚР ӘҚБК 614 бабы - көлік құралдарының жүруіне қасақана кедергі келтіру бойынша жауапкершілікке тартылды. Тапанша алынды, «БМВ» көлігі арнайы айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады Медеу ауданы ІІБ басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов. 
Сонымен бірге, Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасы ҚР ӘҚБК 484-бабында қарастырылған өз атына жазылған қаруды сақтау тәрбітін бұзған тапанша иесі - И.Ш. Абдуллаевқа да әкімшілік шара қолданылатынын хабарлады.