Алматы полициясы жезөкшелер ордасын талқандады

Алматыда жезөкшелер мекеніне айналған жеңілжүрістілердің екі ордасы жабылды, - деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі қалалық ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының жергілікті полициясы Универсиада-2017 ойындары қарсаңында жедел-алдын алу шараларын өткізді. Ең әуелі қаланың Сейфуллин даңғылы бойында орналасқан қонақүйлер мен пәтерлер тексерілді.

Тексеру кезінде "Ақтұмар" және Рихард Зорге көшесінде орналасқан үйдің жеңіл жүрістілер үшін жұмыс істеп тұрғаны мәлім болды. Сот шешіміне сәйкес, олардың қызметі үш жылға тоқтатылған болатын. Алайда, олар саңсыз жұмысын жалғастыра берген.

Жалпы арнайы рейд кезінде АІІБ-не 39 жезөкше жеткізілді.