ТЖМ мәліметінше, 6 сәуір күні 19 сағат 02 минутта 02 пультіне "Ақсай" ықшам ауданында "Гросс" дүкеніне жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келіп түскен.
ІІД-нің "Арлан" арнаулы қызметінің, Алматы қалалық құтқару қызметінің мамандары иісшіл иттерді тарта отырып, супермаркеттің іші мен сол маңды (жалпы аумағы 1600 шаршы метр жерде ) тексеру жүргізіліп, 200 адам шығарылды. Жарылғыш зат табылған жоқ.