Алматы полициясына жаңа басшы тағайындалды



"Республика ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы қалалық ІІД-нің төрағасы болып Ерлан Заманбекұлы Тұғынбаев тағайындалды", деп хабарлайды полиция. Бұл тағайындауға дейін Е.Тұғынбаев ҚР ІІМ-нің тергеу комитетін басқарған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қалалық ІІД-нің бұрынғы төрағасы Молдияр Оразалиев резервке жіберілді.