Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласының прокурорлары есірткі таратқан телеграм-арналарды бұғаттады, деп хабарлайды қадағалай органының баспасөз қызметі.
"Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады. Тексеру барысында қатысушыларға тыйымсалынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар"закладчик" жұмысы ұсынылғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.
Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.