Алматы қалалық әкімшілігіне тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу туралы 10 мыңдай өтініш келіп түсті

В.Храпуновтың айтуына қарағанда, аталмыш бағдарлама бойынша тұрғындарға үй сату жұмыстары 2005-жылдың басында, әкімшіліктің тапсырысымен салынып жатқан көп пәтерлі 11 үйді пайдалануға беру нәтижесінде басталады. Әкімнің хабарлауынша, 2005-жылғы бюджетте де аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 5,6 млрд. теңге бөлінеді.

Ал қалалық тұрғын үй құрылысы департаменті директорының орынбасары Тұрысбек Ізмағамбетовтың ақпаратына сәйкес, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру шараларын 2005-жылдың басынан қолға алу үшін әкімшілік жұмысты пәрмендендіре түсті. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша пәтерлерге ие болатын адамдардың алғашқы тізімі Қазақстан ипотекалық компаниясына күні ертең, 19-қарашада табыс етіледі.