Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы сәбилердің шетінегенін жасыру деректерін растады

"Бірінші қалалық клиникалық ауруханада ғана сәбилер шетінеуін жасырудың 22 оқиғасы анықталды", - деді З. Аманжолова. Ол сондай-ақ, бұл жағдай басшылардың жеткілікті дәрежеде бақылау жасай алмай отырғандығының, мамандар біліктілігінің төмендігінің айғағы екендігін атап көрсетті.