Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында кадр алмастырулары болады

М.Оразалиевтің айтуынша, қазіргі жағдаймен қалалық ІІББ бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына Марат Қожаев, тергеу басқармасының бастығы болып Берік Қожамбердиев тағайындалды. Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында таяуда құрылған ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы лауазымынан үміткер ретінде Игорь Моргунның кандидатурасы ұсынылып отыр. Сондай-ақ, М.Оразалиевтің айтуынша, Алматы қалалық ІІББ-ның кадр және тәрбие жұмыстары жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалмақшы.

Генерал-майордың хабарлауынша, "алабөтен құрылымдық өзгерістер болмайды. Бір айта кетерлігі, ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ІІМ-не тікелей бағынышты болып, есірткі саудасымен күрес басқармасы комитет түрінде қайтадан құрылады". М.Оразалиевтің айтуынша, басқармаға Станислав Ридный жетекшілік етеді.
Жаңадан қүрыған ішкі қауіпсіздік және есірткі саудасымен күрес басқармалары ІІББ-ның құрылымында қалады, бірақ олардың мәртебесі өзгереді,- деді Алматы қалалық ІІББ-ның бастығы.