Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті

ТЖМ мәліметінше, 16 қыркүйекте 13 сағат 25 минутта Ішкі істер департаментіне Алматының Әуезов ауданы Жетісу-1 ықшамауданында орналасқан Қазақ жол қатынастары университетінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түскен.

Жүргізілген арнаулы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.