Алматы қалалық ІІД-іне "ХОЗУ" корпорациясының ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

ТЖМ мәліметінше, 10 қарашада сағат 14.06-да Алматы қалалық ІІД-нің кезекші пультіне Алмалы ауданындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан "ХОЗУ" корпорациясының ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түскен.

600 адам сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.