Алматы қалалық ІІД-іне орта мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті

ТЖМ мәліметінше, 21 қазанда сағат 18.20-да ІІД пультіне Алматының Әуезов ауданы 8-ші ықшамауданындағы №119 орта мектеп ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабар келіп түсті. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.