Баспасөз қызметінен хабарланғандай, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың 2008 жылдың 26 мамырындағы бұйрығымен Алматы қалалық мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасының бастығы болып 1964 жылы туған Тұтубаев Асқар тағайындалды.
Бұған дейін А. Тұтубаев Алматы облысы сәулет және құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
"Асқар Тұтубаев алған білімі бойынша инженер - энергетик, заңгер. 1986 жылы Алматы энергетика институтын, ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, А. Тұтубаев әр жылдары ядролық физика институтында инженер - энергетик, Алматы ГРЭС - інде инженер - инспектор, Алматы облысы Іле ауданы коммуналдық шаруашылығының директоры, "Еңбек" ЖШС-ің директоры, Алматы облысы әкімі бірінші орынбасарының кеңесшісі, Алматы облысы жол және коммуналды шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарғаны хабарланған.