Алматы қалалық ІІББ-ның ақпараты бойынша, 24-қарашада Астана қалалық ІІББ-ына Қазақ медицина академиясының 6-курсында оқитын, Астанада уақытша тұратын Пәкістан азаматы шағымданған. Ол өзімен бірге оқитын тағы бір пәкістандық студент екеуін беймәлім екі адам суық қару көрсетіп қорқыту арқылы тонап әкеткенін хабарлады. Соңынан әлгілер тоналған екі студенттің біреуін босатып, екіншісін бостандыққа шығару үшін 25 мың доллар бопсалаған.
Шұғыл шаралар нәтижесінде шетелдіктердің бірі 25-қарашада Есік қаласындағы саяжай үйлердің бірінде кепілдікке алған адамды қамап отырған жерінен ұсталды. Оның сыбайласы Алматы қаласында ұсталды. Кепілдікке алынған студент босатылды.
Қазір адам тонаған екі жігіт Алматы қалалық ІІББ-ның арнаулы қабылдау-тарату мекемесінде отыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.