"Алматы прокуратурасы 2007 жылдың 1-ақпанында Алматы әкімшілігінің № 3/780 қаулысына (Алматы қаласындағы жер телімдеріне құқық беру ережелері) қарсылық білдіріп, оның күшін жоюды талап етті",- делінген құжатта.
Бас прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, аталмыш қаулыға Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2006 жылдың 9-маусымында қол қойған.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының бас прокуроры Рашид Түсіпбеков Алматы қаласындағы "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мен Астанадағы осы тектес "Пәтерлер бюросы" кәсіпорынының қызметі заңға қайшы, деп мәлімдеген.
Прокурордың сөздеріне сүйенсек, аталмыш кәсіпорындардың қызметі құрылыс фирмалары мен азаматтардың арасындағы делдалдыққа негізделген, ал жер заңнамасына сәйкес, құрылыс салушы меншік иесімен оған келген шығын төлемақысы туралы өз бетімен келісім жасауға тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті